Текст
Кездесу барысында оқушылар оқу бағыттары мен қабылдау шарттары туралы толық ақпарат алды. Ерекше назар қажетті құжаттарды жинау, болашақ мамандықты таңдау, сондай-ақ білім беру гранттары мен шәкіртақылар алу мүмкіндіктеріне аударылды. Кездесу ақпараттық әрі ашық атмосферада өтіп, оқушыларға болашақ мамандығын саналы түрде таңдауға тағы бір қадам жасауға мүмкіндік берді.
