КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫ БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ "№ 14 ОРТА МЕКТЕБІ" КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
КОММУНАЛЬНОЕ ГОСУДАРСТВЕННОЕ УЧРЕЖДЕНИЕ "СРЕДНЯЯ ШКОЛА № 14" ОТДЕЛА ОБРАЗОВАНИЯ ГОРОДА КОКШЕТАУ

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Ыбырай Алтынсариннің 180 жылдығына арналған іс-шара

22.02.2021

Мектеп қабырғасында қазақтың ұлы педагог- ағартушысы Ыбырай Алтынсариннің 180-жылдығына орай «Жақсының аты өлмейді, ғалымның хаты өлмейді» атты өлең оқу айдары ұйымдастырылды. Оқушылар Алтынсариннің өлеңдерін оқып, өздерін шығаршылық жағынан таныта алды.

Ыбырайдың көркемсөз шығармашылығын жаңғырту мақсатында мектеп оқушылары бейнеролик түсіріп, ұлы тұлғаның ертегі мен әңгімелерін өз сөздерімен көркемдеп баяндап берді. Үздік бейнероликтер топтамасы мектептің инстаграм парақшасына салынды. 

16-22 ақпан аралығында жалпыреспубликалық «Адалдық сағаты» акциясы өтті. Сынып жетекшілер оқушылармен «Ыбырай Алтынсарин – ұлы дала ағартушысы»  атты тақырыпта адалдық сағаттарын өткізді.

Аталған іс-шаралардың мақсаты: Қазақтың ұлы ағартушысы Ы.Алтынсариннің өмірі мен ағарту саласындағы халқына сіңірген еңбегін жан – жақты таныстыра отырып,оқушылардың өз бетімен білім алуына жетелеу. Оқушыларды Ы.Алтынсариннің өнегелі өлеңдері мен әңгімелерінен үлгі алуға, еліне, халқына, ұлы тұлғаларға деген сүйіспеншілігін арттыру.  

Просмотров: 472


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст