Текст
02.03.2026
Алғыс айту күніне орай мектебіміздің оқушылары «Белсенді ұзақ өмір» орталығына барып, қазыналы қарттарымызға құрмет көрсетті.
Оқушылар шағын концерттік бағдарлама ұсынды. Кездесу барысында қариялар ақ батасын беріп, өмірлік тәжірибелерімен бөлісті.
Бұл игі шара жас ұрпақты үлкенді сыйлауға, мейірімділік пен алғыс айта білуге тәрбиелейді.


