«АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ   ЗЕРЕНДІ АУДАНЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІ ЗЕРЕНДІ АУЫЛЫНЫҢ  № 1 ЖАЛПЫ ОРТА БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕБІ» КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
КОММУНАЛЬНО ГОСУДАРСТВЕННОЕ УЧРЕЖДЕНИЕ «ОБЩЕОБРАЗОВАТЕЛЬНАЯ ШКОЛА №1 СЕЛА ЗЕРЕНДА ОТДЕЛА ОБРАЗОВАНИЯ ПО ЗЕРЕНДИНСКОМУ РАЙОНУ УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ»

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Қызға 40 үйден тыйым» Дөңгелек үстел

12.04.2021

Қосымша білім беру педагогінің жоспарына сәйкес 5 "Ә" сыныбының кішкентай аруларымен "Қызға қырық үйден тыйым" атты дөңгелек үстел өткізілді.

Мақсаты: қазақ қызының бойындағы ұлттық дәстүрімізге сай әдептілік, көріктілік, ептілік, инабаттылық, кішіпейілділік, сұлулық т.б. жан-жақты ұлттық қасиеттерін таныта білу;

Тәрбиелік- қазақ халқының әдет-ғұрпы арқылы қыз бала тәрбиесіне тән қасиеттерді бойына сіңіру. Халқымыздың халық ауыз әдебиетінде   көптеген ақындарымыз қызға деген көптеген керемет суреттемелер берген. Сондай-ақ қыз баланың ұқыптылығын, шеберлігін, сүйкімділігін, жанының нәзіктігін, өнер, білімге бейім тұратынын жоғары бағалап, оның ол қасиеттерін бейнелі сөздер арқылы ерекше көрсеткен. Мысалы: «Қыздың жиған жүгіндей», «Қыздың тіккен кестесіндей», «Қыз- елдің көркі, гүл –жердің көркі», «Жақсы қыз- жағадағы құндыз», «Қызы бар үйдің қызығы бар» т.б.

Дөңгелек үстел барысында қыз баласына салынатын тыйым сөздер, «Қазақ қыздарына арналған 100 мақал-мәтел» талданып, талқыға түсті. Қыздар «Бұрынғы замандағы қыз бала тәрбиесі» мен «Қазіргі замандағы қыз бала тәрбиесін» салыстырып, ой түйді. Арулар біраз нәрсенің көзін ашып, ой түйді.

 

Өткізген: Әміржан Ф.Ж

Просмотров: 1189


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст