КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫ БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ "№ 14 ОРТА МЕКТЕБІ" КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
КОММУНАЛЬНОЕ ГОСУДАРСТВЕННОЕ УЧРЕЖДЕНИЕ "СРЕДНЯЯ ШКОЛА № 14" ОТДЕЛА ОБРАЗОВАНИЯ ГОРОДА КОКШЕТАУ

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

2021 жылдың 22 сәуірінде мектепте Парламент сайлауы өтті.

04.05.2021

Дауыс беру қорытындысы бойынша Парламенттің жаңа құрамы сайланды.

Ең көп дауыс жинап, 8 "ә" сыныбының оқушысы Сұлтанова Индира Парламентті басқарды.

Парламент-оқу-тәрбие процесі мәселелерін шешуде мектеп әкімшілігінің таптырмас көмекшісі.

Парламентте оқушылар мен педагогтар бірлесіп ынтымақтасуды үйренеді, маңызды мәселелерді шешуде толыққанды серіктес болады.

Парламенттің мақсаты: білім алушылардың бойында азаматтық белсенділік, әлеуметтік құзыреттілік, азаматтық жауапкершілік дағдыларын дамыту, әлеуметтік шығармашылыққа қабілетті, өзінің жеке басын, қоғам мен мемлекетті жетілдіру мүддесінде әрекет ете алатын жоғары мәдениетті, гуманистік бағыттағы азаматты тәрбиелеу.

Парламент құрылымы 9 фракциядан тұрады:

1. Құқық және тәртіп фракциясы (балалар өкілдіктері);

2. Ақпарат фракциясы (баспасөз қызметі);

3. Спорт және салауатты өмір салты фракциясы;

4.Мәдениет және өнер фракциясы;

5.Өзін-өзі тану және бақыт фракциясы (психология, кәсіптік бағдар);

6.Қамқорлық фракциясы (еріктілік);

7.Дебат қозғалысының фракциясы ("Ұшқыр ой алаңы", " Дети и театр»);

8.Экология және еңбек фракциясы.

9.Патриотизм фракциясы ("Жас сарбаз", "Жас ұлан", " Жас қыран»);

Просмотров: 538


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст