2021 жылдың 25 сәуір мен 14 мамыр аралығы. Облыстық конференцияны ұйымдастырушы Көкшетау қаласындағы физика математикалық бағыттағы Назарбаев Зияткерлік мектебі.
Конференция мақсаты: ҚР Тұңғыш Президенті- Ұлт көшбасшысы Н.Ә.Назарбаевтың еңбектеріндегі тәуелсіз Қазақстан тарихының көрініс табуын, маңызды идеялары мен игі бастамаларын, стратегиялық құжаттарын зерттеу және бағалау.
Конференция екі кезеңнен тұрды.
Бірінші кезең: баяндама. Екінші кезең: презентация қорғау.
Бірінші кезеңде 24 оқушы бақ сынап, оның ішінде 7 оқушы екінші кезеңге жолдама алған.
Екінші кезеңге қатысқан 7 оқушы ішінен «Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімі Зеренді ауылының № 1 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ 11 «А» сынып оқушысы Кошаев Нариман бас жүлде (гран-при) иеленді.
Жетекшісі: тарих және құқық пәні мұғалімі Такетов Әуелбек Дүйсенбекұлы.