«АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ   ЗЕРЕНДІ АУДАНЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІ ЗЕРЕНДІ АУЫЛЫНЫҢ  № 1 ЖАЛПЫ ОРТА БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕБІ» КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
КОММУНАЛЬНО ГОСУДАРСТВЕННОЕ УЧРЕЖДЕНИЕ «ОБЩЕОБРАЗОВАТЕЛЬНАЯ ШКОЛА №1 СЕЛА ЗЕРЕНДА ОТДЕЛА ОБРАЗОВАНИЯ ПО ЗЕРЕНДИНСКОМУ РАЙОНУ УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ»

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Еңбегі ерен жан — мектептің берік тірегі, өйткені мектеп қызметкерлерінің де қажырлы еңбегі оқушылардың білімі мен тәрбие сапасын қамтамасыз етеді».

29.09.2025

Зеренді ауылының №1 жалпы білім беретін мектебінде өз ісіне адал, кәсіби мамандар қызмет атқарады. Олардың қатарында мектептің электр жүйелеріне жауапты Ковалев Игорь Александрович пен сантехникалық жұмыстарды атқаратын Шваб Александр Владимирович бар. Игорь Александрович мектептің жарықтандыруы мен электр жүйелерінің үздіксіз жұмысын қамтамасыз етіп, өз міндетін жоғары жауапкершілікпен орындайды. Үнемі кәсіби біліктілігін көрсетіп, бастамашылдық танытады.Александр Владимирович сумен жабдықтау мен санитарлық‑техникалық жағдайды қадағалап, туындаған мәселелерді дер кезінде шешетін,өз ісіне ұқыптылығы мен адалдығы арқылы мектеп ұжымы арасында сенімге ие болды.Ағымдағы жылдың қыркүйек айының 26 жұлдызында  аталған мамандарымыз Еңбек күніне орай Зеренді филиалының білім қызметкерлері кәсіподағының төрағасыДюсембекова Ботагоз Байназаровна тарапынан алғыс хатпен марапатталды. Жұмыскерлеріміздің еңбегі — мектеп өміріндегі қолайлы жағдайдың кепілі. Олардың кәсібилігі мен жауапкершілігі жас ұрпаққа сапалы білім беруге айтарлықтай үлес қосады.

«Зеренді ауылының №1 ЖОББМ» КММ-нің кәсіподақ ұжымының төрағасы С.С.Костанова

Просмотров: 350


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст