Текст
03.11.2025
2025 жылғы 29 қазан күні біздің мектептің 8-сынып оқушылары «IQanat» олимпиадасының аудандық кезеңіне қатысып, өз білімдері мен қабілеттерін сынап көрді. Олимпиада Зеренді ауылының №2 жалпы білім беретін мектебінде өтті.
«IQanat» олимпиадасы – ауыл мектептерінің дарынды және мақсатты оқушыларын қолдауға, олардың білімге деген ынтасын арттыруға бағытталған маңызды жоба.
Біз өз оқушыларымызбен мақтанамыз және оларға болашақта шабыт пен жаңа жеңістер тілейміз!
