26.11.2025
«Еңбегі адал жас өрен» жобасы аясында 2025 жылғы 6 қарашада кәсіби бағдар беруші педагог пен «НВиТП» пәнінің мұғалімі Зеренді ауылының №1 жалпы орта білім беретін мектебінің 11-сынып оқушылары үшін Ақмола облысы Полиция департаментінің Зеренді ауданы полиция бөліміне экскурсия ұйымдастырды. Полиция қызметкерлері оқушыларға полиция қызметіне қабылдану ережелері мен ҚР ІІМ оқу орындарына түсу тәртібі туралы түсіндіріп берді. Сондай-ақ, олар оқушыларға полиция бөлімінің мұражайын және арнайы құрал-жабдықтарын көрсетті, тіпті бронежилет пен қорғаныс дулығасын киіп көруге мүмкіндік берді.
Мұндай кездесулер оқушылардың полиция қызметін тереңірек түсінуіне, болашақ мамандығын саналы түрде таңдауға, сондай-ақ қоғам қауіпсіздігі мен құқық тәртібін қорғауда еңбек етіп жүрген азаматтардың еңбегіне құрметпен қарауға тәрбиелейді.

