"Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімі Зеренді ауылының № 1 жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа № 1 села Зеренда отдела образования по Зерендинскому району управления образования Акмолинской области"

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Кейс-марафон

02.12.2025

28-қараша күні «Өрлеу» Ақмола филиалында облыстық педагогика «Курстан кейінгі сүйемелдеу арқылы педагогтердің кәсіби құзыреттілігін дамыту» тақырыбында педагогтердің заманауи әдістері мен тиімді тәжірибелерге негізделген педагогикалық кейістері тыңдалды. Кейс-марафонына мектебіміздің бастауыш сынып мұғалімдері Абдильманова Анар Еркебековна «Бастауыш сыныптарда қазақ тілі сабақтарында TRIZ  технологиясын қолдану», Хамзина Бекзат Ибрашевна «Ұлттық ойындар арқылы бастауыш сынып оқушыларының жылдам ойлау, есте сақтау және зейінді шоғырландыру дағдыларын дамыту» тақырыбында өз жұмыстарымен бөлісті. 
Барлық кейске қатысушылар тәжірибе алмасу алаңында өз іс-тәжірибелерімен бөлісті. Марафон барысында мұғалімдер білім беру үрдісіндегі        өзекті мәселелерді ортаға салып, оларды шешудің тиімді жолдарын ұсынды. Әр кейс заманауи әдіснамаларға, сараланған оқыту, цифрлық технологияларды тиімді қолдану және оқушы тұлғасын, білім сапасын дамытуға бағытталған болды. Марафонға қатысушылар топтық талқылау, практикалық тапсырмалар мен рефлексия арқылы тәжірибелерін бекітті. 
Марафон соңында белсенді қатысушыларға алғыс хаттар табысталып, үздік кейстер таратуға ұсынылды. Мұндай кәсіби алаңдар педагогтердің өзара байланысын нығайтып, білім беру сапасын арттыруға үлкен үлес қосары сөзсіз.

Просмотров: 44


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст