Текст
13.01.2026
Кәсіби бағдар беру жұмысы аясында мектебімізге өзіміздің мектеп түлектері — Қайдар Нұрислам Абайұлы және Султанова Индира Ринатовна қонаққа келді. Қазіргі таңда олар Еуразия ұлттық университетінде «Сәулет» және «Журналистика» мамандықтары бойынша білім алуда. Кездесу барысында қонақтар университетке түсу және оқу барысындағы жеке тәжірибелерімен бөлісіп, таңдаған мамандықтарының ерекшеліктері туралы айтып берді, сондай-ақ оқушылардың сұрақтарына жауап берді. Сонымен қатар, олар талапкерлерге жоғары оқу орындарына сәтті түсуге көмектесетін шығармашылық емтихандарға дайындық бойынша өздері әзірлеген курсты ұсынды.


