"Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімі Зеренді ауылының № 1 жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа № 1 села Зеренда отдела образования по Зерендинскому району управления образования Акмолинской области"

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Білім мен технология тоғысқан заманауи дәуірде мұғалім мен оқушының қатар дамуы – уақыттың басты талабы. Жасанды интеллект мүмкіндіктері білім беру кеңістігіне еніп, педагогтің рөлі мен оқушының танымдық әлеуетіне жаңа серпін беріп отыр. Осы өзекті мәселені арқау еткен мазмұнды әрі тағылымды семинар 2026 жылдың 26 қаңтарында Зеренді ауылының №1 жалпы орта білім беретін мектебі КММ базасында өтті.

21.01.2026

Аталған іс-шара Құзыреттілік орталық М.Ғабдуллин атындағы мектеп-гимназиясы КММ-нің жоспарына сәйкес ұйымдастырылып, педагогикалық қауым үшін тәжірибе алмасудың маңызды алаңына айналды.
      Семинар тақырыбы:
«Жасанды интеллект дәуірінде мұғалім мен оқушы: бірге даму жолдары»
     Семинар барысында педагогтер жасанды интеллект құралдарын оқу үдерісіне тиімді енгізу жолдарын талқылап, өздерінің шығармашылық ізденістері мен кәсіби тәжірибелерін ортаға салды. Ашық сабақтар,сыныптан тыс тәрбиелік іс-шаралар, шебер-сыныптар мен дөңгелек үстел жұмыстары арқылы заманауи білім берудің жаңа қырлары жан-жақты көрсетілді.
     Іс-шара мұғалім мен оқушы арасындағы өзара серіктестікті нығайтып, білім алушының дербес ойлауын, цифрлық сауаттылығын дамытуға бағытталды. Әрбір ұсыныс пен пікір білім сапасын арттыруға негізделген нақты тәжірибемен ұштасты.
Семинарға қатысқан педагогтер шараның жоғары деңгейде, мазмұнды әрі тағылымды өткенін атап өтіп, кәсіби тұрғыда мол әсер алғандарын білдірді. Мұндай рухани әрі зияткерлік кездесулер ұстаздардың шығармашылық шабытын оятып, білім беру саласының жаңа белестерге көтерілуіне жол ашады.
       Бірлескен тәжірибе, үздіксіз ізденіс және жаңашыл ой – сапалы білімнің берік негізі

/public/files/2026/1/21/210126_190449_ghi-seminar.MOV

Просмотров: 8


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст