30.01.2026
2026 жылғы 29 қаңтарда мектебімізде 9–11 сынып оқушыларының қатысуымен «Мамандықтар марафоны» атты жарқын әрі танымдық іс-шара өтті. Байқау жанды көрме форматында ұйымдастырылды.
Салтанатты ашылу сөз сөйлеген жүргізушілердің құттықтауымен басталып, қатысушыларға мерекелік көңіл күй сыйлады. Көрермендерге ерекше әсер қалдырған мектепалды даярлық сынып оқушыларының «Аспазшы» биі болды. Бұл қойылым баршамызға бала кезден басталатын мамандық туралы армандарды еске салды.
Оқушылардың еңбегін тәжірибелі мамандар мен қонақтардан құралған қазылар алқасы бағалады:
• Такетов Ауелбек Дүйсенбекұлы — мектеп директоры;
• Жетписов Данияр Қайратович — Жастар ресурстық орталығының жетекшісі;
• Ким Светлана Васильевна — «Зерен» аудандық газетінің редакторы.
Командалардың жұмысы мамандық бейнесіне сәйкестігі, таныстырылым мазмұны және шығармашылық көзқарасы бойынша бағаланды.
Қазылар алқасы қорытынды шығарған уақытта көрермендер 5 «А» сынып оқушыларының қобызда орындаған музыкалық номерін тамашалап, ерекше әсер алды. Бұл өнер көрсетілімі іс-шараның көркін аша түсті.
Марафонның басты мақсаты — жоғары сынып оқушыларына болашақ мамандықты саналы таңдауға көмектесу, олардың қабілеттерін ашу және әртүрлі кәсіби рөлдерде өздерін сынап көруге мүмкіндік беру.








