"Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімі Зеренді ауылының № 1 жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа № 1 села Зеренда отдела образования по Зерендинскому району управления образования Акмолинской области"

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

2026 жылғы 15 қаңтар мен 2 ақпан аралығында мектебімізде 1–8 сынып оқушылары арасында болашақ мамандықты таңдауға арналған бейнероликтер (видеоблогтар) байқауы өткізілді.

09.02.2026

Байқаудың басты мақсаты — балаларды мамандықтар әлемі туралы ойлануға жетелеу, оны отбасылық дәстүрлер мен жақын жандардың үлгісі арқылы таныту. Қатысушылар мамандықтар туралы жай ғана әңгімелеп қоймай, өз ойларын ортаға салып, сұрақтар қойып, өздерін видеоблогер рөлінде сынап көрді. Конкурс комиссиясының шешімімен жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталды. Бағалау жас ерекшеліктері бойынша жүргізіліп, бұл қатысушылардың жасына және дайындық деңгейіне сай жетістіктерін әділ бағалауға мүмкіндік берді.

🏆 Байқау жеңімпаздары мен жүлдегерлері:

Кіші жас санаты (1–4 сыныптар):
🥇 Гран-при — Марат Санжар, 2 «А» сынып, «Өрт сөндіруші»
🥇 I орын — Насибулина Даяна, 2 «А» сынып, «Тәрбиеші»
🥈 II орын — Ақылбек Асанали, 1 «Б» сынып, «Наубайшы»
🥉 III орын — Ақылбек Мансур, 4 «Б» сынып, «Педагог-психолог»
🥉 III орын — Амангелді Әрсен, 2 «Ә» сынып, «Футболшы»

Ересек жас санаты (5–8 сыныптар):
🥇 I орын — Бегайдар Алуа, 6 «А» сынып, «Орманшы (орман күзетшісі)»
🥈 II орын — Мухаметкалиев Чингис, 7 «Б» сынып, «Автоэлектрик»
🥉 III орын — Қыдырбек Нұрислам, 6 «А» сынып, «Өрт сөндіруші»

 

Кәсіптік бағдар беру жұмысын дамыту және болашақ мамандықты саналы түрде таңдауға бағыт беру мақсатында Зеренді ауылының №1 ЖОББМ КММ-де 1–8 сынып оқушылары арасында өткізілген «Мамандықты таңдау уақыты: менің отбасымдағы мамандықтар әлемі» атты мектепішілік бейнероликтер байқауының нәтижесін әділ шығару үшін  конкурстық комиссия (қазылар алқасы) құрылды.

Комиссия құрамы:

Такетов Ауелбек Дүйсенбекұлы — мектеп директоры

Жетписов Данияр Қайратович — Зеренді ауданының Жастар ресурстық орталығының басшысы

Жағыпаров Айдос Серикбаевич — директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары

Зайт Алия Сандыбаевна — қосымша білім беру педагогі 

Просмотров: 54


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст