16.02.2026
Құрметті ата-ана!
Мектеп өмірінде бала үшін мазасыздық тудыратын жанжалдар немесе жағдайлар болуы мүмкін.
Бұл әрдайым бірден байқала бермейді және балаларға оны айту оңай
емес.
Мынаны есте сақтау маңызды:
- бала қорқыныштан немесе ұялғаннан қиындықтар туралы айтпауы мүмкін;
- тіпті сырттай сабырлы көрінетін балалар да көмекке мұқтаж болуы мүмкін;
- ересектердің уақтылы қолдауы ауыр зардаптардың алдын алуға көмектеседі.
Тек өзара іс-қимыл жасағанда ғана мәселені уақтылы байқауға және балаға қиын жағдайды жеңуге көмектесуге болады
Егер Сіз баланың жай-күйіндегі өзгерістерді байқасаңыз:
- Баланың көмекке мұқтаж екенін білдіретін ықтимал белгілерге назар аударыңыз:
Бала:
- мектептен, үйірмелерден, араласудан қашуы;
- тұйықталуы, мазасыздануы, ашуланшақ болуы;
- медициналық себепсіз басының немесе басқа жерлерінің ауыратынына шағымдануы;
- мінез-құлқын, ұйқысын, тәбетін күрт өзгертуі;
- телефонын жасыруы, хаттарды өшіруі, хабарламалардан қорқуы;
- заттарын, ақшасын жоғалтуы, ұқыпсыз көрінуі;
- өзінің «керексіздігі» туралы айтуы мүмкін.
Тіпті бір белгінің болуы - ден қоюға (реакция білдіруге) себеп!
- Сөйлесу үшін қауіпсіз жағдай жасаңыз:
- тыныш уақыт пен орынды таңдаңыз;
- құпиялылықты қамтамасыз етіңіз (бөтен адамдарсыз);
- сабырлы, жұмсақ, қысымсыз сөйлесіңіз;
- баланың жағында екеніңізді көрсетіңіз.
Маңызды: әңгімені айыптаудан және ақыл айтудан бастамаңыз!
- Баланы тыңдаңыз. Бұл ретте маңызды:
- мұқият, сөзін бөлмей тыңдау;
- жетекші немесе артық сұрақтар қоймау;
- тек жағдайдың мәнін түсіну үшін қажетті нәрселерді ғана нақтылау;
- баланың сөздерін күмәнсіз және бағалаусыз қабылдау.
Ешбір жағдайда мыналарды істемеу керек:
- «өзің кінәлісің», «асыра сілтеп тұрсың», «көңіл аударма» деп айту;
- өз балаңызды басқа балалармен салыстыру;
- уайымдарын құнсыздандыру.
- Балаға эмоционалды қолдау көрсетіңіз. Мынадай тіркестерді қолдануға болады:
- «Айтқаның өте дұрыс болды»
- «Болып жатқан жағдайға сен кінәлі емессің»
- «Мен қасыңдамын және саған көмектесемін»
- Қайта жарақаттаудан аулақ болыңыз.
Баладан жағдайды бірнеше рет қайталап айтып беруін сұрамаңыз. Егер бұл ауыр тисе, егжей-тегжейлерді айтуға мәжбүрлемеңіз. Шұғыл шешімдерді
немесе әрекеттерді талап етпеңіз.
- Ақпаратты бекітіңіз.
Ата-аналарға: баланың сөздерін интерпретациясыз, сөзбе-сөз жазып алу; күнін, уақытын, орнын, қатысушыларды, нақты не болғанын белгілеу; скриншоттарды, хабарламаларды, фотосуреттерді (кибербуллинг кезінде)
сақтау ұсынылады. Бұл ақпарат мектепке және мамандарға жүгінген кезде қажет болады.
- Жағдай туралы хабарлаңыз.
Қажетті шаралар:
- сынып жетекшісін, мектеп әкімшілігін хабардар ету;
- педагог-психологқа немесе әлеуметтік педагогқа жүгіну;
- қажет болған жағдайда - кәмелетке толмағандар істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияға, «111» байланыс орталығына, бала құқықтарын қорғау жөніндегі өңірлік органға, бала құқықтары жөніндегі өңірлік уәкілге, ҚР Оқу-ағарту министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитетіне жүгіну;
- полицияға жүгіну.
Балаға мұның бәрі оны қорғау үшін жасалып жатқанын түсіндіру маңызды!
- Психологиялық қолдауды қамтамасыз етіңіз.
Есіңізде болсын, білім беру ұйымына жүгінген кезде олар:
- жағдайға психологиялық бағалау жүргізуге;
- балаға психологиялық көмек көрсетуге;
- оның құқықтары мен міндеттерін түсіндіруге;
- жеке әлеуметтік оңалту жоспарын әзірлеуге міндетті.
Ата-аналар үшін бұл процесске қатысу және мамандармен байланыста болуы маңызды.