16.02.2026
Қымбатты дос!
Егер сен жанжалдың, буллингтің куәсі болсаң немесе саған көмек қажет болса:
Егер біреуді үнемі ренжітсе, бұл өздігінен шешілмейді. Үнсіз қалмау және әрекет ету өте маңызды.
Ата-анаңа, сынып жетекшіңе/кураторыңа, мұғалімге немесе мектеп психологына жүгін. Егер өз мәселеңді ешкімге айтқың келмесе, «111» байланыс орталығына хабарлас. «111» нөміріне қоңырау шалуға немесе мектебіңде/колледжіңде орналасқан QR-код арқылы жүгінуге болады. Мамандар тобы саған міндетті түрде көмектеседі.
Егер буллингті немесе жанжалды көрсең, өзіңе қауіп төндірмей, оны тоқтатуға тырыс. Егер қолыңнан келмесе - дереу ересектерден көмек сұра немесе полицияға «102» нөміріне қоңырау шал.
Ренжітушілерге мұндай мінез-құлықтың саған ұнамайтынын және оны қолдамайтыныңды айт.
Зардап шегушіге оның жалғыз емес екенін және сен көмектесуге дайын екеніңді білдір.
Өзгелерге құрметпен қара. Достық пен сабырлы қарым-қатынастың агрессия мен қорқыныштан әлдеқайда жақсы екенін көрсет.
Егер сені ренжітсе:
Кейде жауап қайтармауға тырысуға болады - бұл егер ренжітуші жай ғана сенің реакцияңды тексеріп тұрған болса көмектеседі. Бірақ егер ренжітуші тоқтамаса немесе күш қолданса, бұл жеткіліксіз.
Үндемей қалма және жалғыз қалма. Дереу сынып жетекшіңе, мектеп психологына немесе өзің сенетін басқа ересек адамға хабарла. Адамдар, әсіресе ересектер көп жерде болуға тырыс. Мектепке барар жолда және қайтарда қауіпсіз бағытты таңда, достарыңның қасында бол. Егер ешкімге айтқың келмесе, «111» байланыс орталығына хабарлас немесе мектептегі QR-кодты пайдалан.
Буллинг - бұл сенің кінәң емес. Көмек пен қолдау сұраудан қорықпа.