«АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ   ЗЕРЕНДІ АУДАНЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІ ЗЕРЕНДІ АУЫЛЫНЫҢ  № 1 ЖАЛПЫ ОРТА БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕБІ» КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
КОММУНАЛЬНО ГОСУДАРСТВЕННОЕ УЧРЕЖДЕНИЕ «ОБЩЕОБРАЗОВАТЕЛЬНАЯ ШКОЛА №1 СЕЛА ЗЕРЕНДА ОТДЕЛА ОБРАЗОВАНИЯ ПО ЗЕРЕНДИНСКОМУ РАЙОНУ УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ»

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Зеренді ауданының 30 жаңа есімі»

29.06.2021

Биылғы жылда ауқымды тойланып жатқан Тәуелсіздіктің 30 жылдығы мен «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру аясында ауданымызда «Зеренді ауданының 30 жаңа есімі» жобасы іске қосылды. «Зеренді ауданының 30 жаңа есімі» жобасының мақсаты – табысты, бәсекеге қаблетті болу, Тәуелсіздік жылдары ауданымыздың дамуына елеулі үлес қосқан табысты адамдардың тарихын үлгі ете отырып, насихаттау. «Рухани жанғыру» соның ішінде «Туған жер» бағдарламасы аясында тұлға ретінде кіндік қаны тамып,өскен жерге еңбегі сіңірген Зеренді ауданының бірқатар азаматтары «Зеренді ауданының 30 жаңа есімі» жобасының жеңінпазы атанды. Бүгін көптен күткен үздік есімдер Зеренді ауданы әкімі Әсен Дулатұлы Жақсылықовтың атынан патриоттар форумына атаулы сыйлықтармен марапатталып, аргнайы тілектерге ие болды. Осы адамдардың арасында біздің мектептің еңбек сіңірген педагогы-Калина Жанар Бекбулатовна да бар. "Зеренді ауданының 30 жаңа есімі" жобасының жеңімпазы атанды. Жанар Бекболатқызы білім беру саласында 1994 жылдан бері еңбек етіп келеді. Жұмыс барысында өзін жоғары білікті, жауапты, адал және тәртіпті қызметкер ретінде көрсетті. Құрметті Жанар Бекболатқызы! Сізді шын жүректен құттықтаймыз! Егемен елдің еңсесін биіктетіп, тұғырын тірейтін осындай азаматтар қатары ұлғая берсіндеп тілейміз!

Просмотров: 264


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст