КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫ БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ "№ 14 ОРТА МЕКТЕБІ" КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
КОММУНАЛЬНОЕ ГОСУДАРСТВЕННОЕ УЧРЕЖДЕНИЕ "СРЕДНЯЯ ШКОЛА № 14" ОТДЕЛА ОБРАЗОВАНИЯ ГОРОДА КОКШЕТАУ

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Отбасы күніне»

15.09.2022

 Отбасы күні мерекесіне орай 2022 жылдың 8 қыркүйегі мен 13 қыркүйегі аралығында мектебімізде түрлі іс-шаралар ұйымдастырылып  өткізілді.

 

   Бейнелеу өнері пәнінің мұғалімдері 5-6 сынып оқушылары арасында «Менің сүйікті отбасым» атты сурет көрмесін ұйымдастырды. Көрмеде отбасылардың бақытты сәттері, балалардың құпия армандары бейнеленген.

   Сынып жетекшілері отбасы күніне арналған презентациялармен тақырыптық сынып сағаттарын өткізді. Сынып сағатында  балалар өз бетінше мерекелік плакаттар мен құттықтау қағаздарын дайындады.
    0,1-2 сынып оқушылары мен ата-аналары «Отбасы – ең бастысы» атты мерекелік құттықтаулар, ал 3-4 сынып оқушылары арасында «Отбасымның бір күні» бейнероликтері жіберілді.
Қорытынды шара ретінде отбасылардың қатысуымен өткен «Отбасы-бақыт мекені» спорттық жарысы болды. Бұл іс-шараның мақсаты – балалардың өз отбасына, туған-туыстарына деген сүйіспеншілігін ояту, оларды құрметтеу, білім беру мекемесі мен тәрбиеленушілердің ата-аналары арасындағы қарым-қатынасты дамытуға жағдай жасау.
    Спорттық шараның бағдарламасы өте тартысты болды. Жарыстың барлық кезеңдері тартысты,қызықты өтті. Осындай мерекелер мен оларға дайындық ата-аналар мен балаларды біріктіріп қана қоймай, педагогикалық ұжым мен ата-ана арасындағы қарым-қатынаста жылылық пен сенім атмосферасын тудыратыны белгілі.

https://www.instagram.com/reel/CiRoe5auEZq/?igshid=YmMyMTA2M2Y=

https://www.instagram.com/reel/CiR-an5rWSc/?igshid=YmMyMTA2M2Y=

https://www.instagram.com/reel/CiSRsiJs2GG/?igshid=YmMyMTA2M2Y=

https://www.instagram.com/p/CiZweNgs62x/?igshid=YmMyMTA2M2Y=

 

Просмотров: 442


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст