«АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ   ЗЕРЕНДІ АУДАНЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІ ЗЕРЕНДІ АУЫЛЫНЫҢ  № 1 ЖАЛПЫ ОРТА БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕБІ» КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
КОММУНАЛЬНО ГОСУДАРСТВЕННОЕ УЧРЕЖДЕНИЕ «ОБЩЕОБРАЗОВАТЕЛЬНАЯ ШКОЛА №1 СЕЛА ЗЕРЕНДА ОТДЕЛА ОБРАЗОВАНИЯ ПО ЗЕРЕНДИНСКОМУ РАЙОНУ УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ»

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес»

25.09.2017

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес»

«№1 Зеренді орта мектебі» КММ

     Бiз мүлде жаңа қоғамда өмiр сүрiп жатырмыз. Жаңа қоғамның сипаты iскерлiк болса, бұл жолда жетiстiктерiмiз де аз емес. Ал шешiмi күрделi мәселелер де бар. Ол – әлеуметтiлiк мәселе. Бұл салада

қоғам өмiрiнде түбегейлi шешiмi табылмай тұрған мәселе, ол – коррупция.

Елiмiзде осы мәселеге арнайы қабылданған заңдар да, атқарылып жатқан жұмыстар

да баршылық, бiрақ бұл мәселе әлi толық шешiмiн тапқан жоқ.

   Сыбайлас жемқорлықпен күресу Қазақстанның бүгінгі күнгі күрделі мәселесі болып отыр.

Үлкен әлеуметтік қасірет болып табылатын ол саяси даму тұрғысынан бір-біріне

ұқсамайтын  әлемдегі  барлық  елдердің  қай-қайсысын 

да  қатты  алаңдататыны  анық. Сыбайлас жемқорлық  - заман ағысымен бірге өсіп-өркендеп, мол қаражат және қоғамдық бәсекелестік пайда болған жерлерге тамырын жайып, бүгінгі күнге дейін жойылмай

отырған кеселдің бірі. Бұл кесел дамушы елдердегідей біздің жас мемлекетімізге де орасан зор нұқсан келтіріп отыр.

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заң талабының аясында жемқорлыққа қарсы

іс-әрекеттер әр салада жүзеге асырылуда. Әсіресе, халық парақорлық дертімен жиі

бетпе-бет келеді. Сондықтан, кез келген ортада пара беру мен пара алудың жолын

кесуде қоғам болып белсенділік танытуымыз қажет.

    2017 жылдың  15 қыркүйек күні Зеренді ауданы  Нұр Отан партиясының  бірінші орынбасары Таласбаева Әлия Аманжолқызы мектебіміздің 10 -11 сынып оқушыларымен кездесу өткізіп «Сыбайлас

жемқорлыққа қарсы күрес» тақырыбында дәріс оқыды. Сыбайлас

жемқорлық әлеуметтік – экономикалық даму, нарықтық экономиканы құру

инвестициялар тарту процесін баяулататын және демократиялық мемлекеттің саяси

және қоғамдық институттарына кері әсер ететін, елдің даму болашағына

айтарлықтай қауіп төндіретін құбылыс екенін айтып кетті.  Ел болып

еңсемізді көтергенімізге, тәуелсіздігімізді алып, шаршы әлемге танылғанымызға

жиырма жылдай  уақыт өтті. Өткенімізге көз салсақ, Елбасымыз Нұрсұлтан

Әбішұлы Назарбаевтың көреген саясатының арқасында мемлекетіміздің тамыры

тереңге тартып, нығая түсуіне бағытталған құқықтық заңнамалар мен іс-шаралар

қабылданып, ел экономикасы мен әлеуметтік жағдайы түзеліп, әлем мемлекеттерінің

ортасынан өз орынын айқындады. Бүкіл әлемге өзінің біртұтастығымен, ажырамас бірлігімен

танылды. Қоғам дамуының жаңа жолын таңдап, уақыттан туындаған әртүрлі

кеселдерден айығуды міндет етіп қойды. Ол жол - Президенетіміз Нұрсұлтан

Әбішұлының бастауымен алға қойылған сыбайлас жемқорлықпен күрес жолы. Сондықтан

сыбайлас жемқорлықпен күресу барлық Қазақстан Республикасы азаматтарының азаматтық

борышы деп білу керек.

 

Просмотров: 334


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст