1-қыркүйек білім күніне арналған «№1
Зеренді ота мектебі» КММ салтанатты саптүзеу
1-қыркүйек еліміз бойынша білім күніне арналған салтанатты саптүзеу
болады. Жас бүлдіршіндер мектеп табалдырығын алғаш аттап, жаңа оқу жылы
басталады. «№1 Зеренді ота мектебі» КММ саптүзеуіміздің басталуы мемлекеттік Гимн орындалып, мектеп директоры Нуралин Нажмиден Мұратұлы оқушыларды,мектеп ұжымын жаңа оқу жылымен құттықтап, сәттілік тіледі.
Ұстаздар қауымын, оқушыларды және ата-аналарды құттықтауға қонақтар келді. Олар Зеренді аудандық ардагерлер ұйымының төрағасы Кушкентаев Бекболат Кушкентайұлы және еңбек ардагерлері Сизухина Тамара Андреевна, Белогурова Галина Александровна. Олар оқушыларға жаңа оқу жылында сәттілік, биік тұғырдан көрініп және еліміздің тұғырлы азаматтары болуын тіледі. Жаңа 2017-2018 оқу жылының жоспарымен оқу ісінің меңгерушісі Дюсенбаева Кульбаршин Қазиқызы таныстырды. Саптүзеу барысында жас бүлдіршіндер өздерінің тамаша тақпақ жолдарын айтса , одан кейін бірінші сынып ата – аналары Капанова Базиля Едресқызы және Еремина Любовь Алексеевна жас жеткіншектерге сәттілік тілеп, өздерінің жақсы лебіздерін білдірді. Алғашқы қоңырауды 11және 1 сыныптан Темиртасова Камила және Сераж Ферали, Кельм Артур және Калина Адель соқты. Саптізеуден кейін 1-11 сынып оқушылары сыныптарына барғаннан кейін оларға сынып жетекшілері Мен өз елімнің патриотымын атты тақырыбында сынып сағаттарын өткізді. Мақсаты : оқушыларды патриоттық тәрбиеге, өз елін сүйетін азамат болуға тәрбиелеу