«АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ   ЗЕРЕНДІ АУДАНЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІ ЗЕРЕНДІ АУЫЛЫНЫҢ  № 1 ЖАЛПЫ ОРТА БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕБІ» КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
КОММУНАЛЬНО ГОСУДАРСТВЕННОЕ УЧРЕЖДЕНИЕ «ОБЩЕОБРАЗОВАТЕЛЬНАЯ ШКОЛА №1 СЕЛА ЗЕРЕНДА ОТДЕЛА ОБРАЗОВАНИЯ ПО ЗЕРЕНДИНСКОМУ РАЙОНУ УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ»

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

« Аяулы Анашым!»

03.04.2017

Тақырыбы:Аяулы анашым

Мақсаты: ананың құдыретті де мейірімді жан екенін оқушыларға түсіндіру; мейірімділікке, сый-құрметке тәрбиелеу.

Барысы:музыка әуені ойналады да  сыныпқа оқушылар кіреді

Мерей:

Бала,бала, бала деп,
Түнде шошып оянған,
Түн ұйқысын төрт бөліп,
Түнде бесік таянған
Қолын қатты тигізбей,
Кір көйлек кигізбей,
Иісін жұрап анқытқан
Бұл кім?

Бәрі:   – Ана.

Мұғалім:Ана, Ана, Ана… Осы сөздің өзі адамға қандай күш береді. Дүниеде ананың мейіріміне, аялы алақанына

не жетеді?!
Бүгін – наурыздың сегізі.
Сұлулықтың негізі.
Әдемі сөз- Адамның
Анаға айтар лебізі.

Нұрислам: :

Ал, бастайық, бастайық
Қолға домбыра алайық
Аналарды құтықтап,
Мерекені бастайық

Амир:  

Анасыз бір жоқ күнің,
Әжесіз бір жоқ күнің.
Ұсынамыз бүгін біз
Сөздің сұлу шоқ гүлін.
Баланың да тірегі,
Дананың да тірегі.
Шаншымасын ешқашан
Аналардың жүрегі

Мирас:

Анаң болса қасында
Басқа бақыт не керек
Аналардың жүрегі
Мейірімді ғой керемет.

Кәрина:

Мен анамды сүйемін, 
Құшағына енемін.
Мәпелеген анамды, 
Қуантсам деп келемін.

Санжар:

Жақсы оқыған сабағын,
Балаға мен ағамын.
Біздер үшін Ананың
Бұлт баспасын қабағын
Сізден өскен балалар,
Батырлар мен даналар,
Құттықтаймыз мейраммен
Құрметті біздің аналар

Ән «Ақ мамам»

Ильяс: 

Бәрімізге анасың
Біз үшін күн боп жанасың.
Құтты болсын мейрамың
Құттықтаймын анашым!
Айналайын, анашым,
Аялайсын, бағасың.
Менің үшін не керек –
Бәрін іздеп табасың.

-        

Мұғалім:

Балалар, сендер күнделікті таңертең  мектепке жиналасыңдар. Ал аналарың жұмысқа жиналады. Қазір біз бір қызық ойын ойнап жіберейік. Осы ойын арқылы кімнің анасы жұмысқа жылдам жиналып  сонымен қатар өз балаларын мектепке  кім тез жинайды екенін көрейік.Ең қызығы аналар балаларын жабық көздерімен жинайды. Ойын: «Менің анам жұмысқа қалай жиналады?»

Мади:

Жақсы көреді әжелерін, 
Ойыншықтар да әпереді
Балабақшаға да әкеледі, 
Жақсы қандай әжелері

Дина:

Таусылмайды өлеңі,
Күнде айтып береді.
Барған сайын бір жаққа
Кәмпит алып келеді.
Әжем мені өйткені,
Өте жақсы көреді.

Куаныш:

Мені жақсы көреді
Күндей күліп келеді
Көп ертегі біледі
Маған айтып береді.

Ойын: «Әжемнің жібі»Әжелер созылған жіпті жинап ,өз

немерелерін  еркелетіп жылы сөздер

айтады.

Ән «Әже»

Рамазан:

Ерлік еткен біз үшін,
Еңбек еткен біз үшін,
Еркелеткен біздерді,
Еркіндеткен біздерді
Анамызға мың алғыс!

Ернар:

Әлпештеген аялаған
Ақ сүт берген апатайым
Сәлем жазып бүгін саған
Мейрамымен құттықтаймын

Ойын «Ойлан,

тап»Сұрақтарға жауап беру.

Көрініс «Үш ана»

Ортаға стол және үш орындық қояды.Бір орындықтың шетін ала стол астында қуыршақ жатыр.
Әйгерім – қыздың киімін киген бүлдіршін
Анасы – қызметкер ана көрінісімен киінген қыз

Жүргізуші:
Ойыннан келген Әйгерім
Қуыршағын іздейді.
Столдың астынан тапты да, 
Хал сұрауды көздеді.

Әйгерім:
Қызым, менің қалайсың
Томсырайып қарайсың.
Қарның ашып отырмай, 
Тамақ ішсең жарайсың.
Егер тамақ ішпесең
Қу сүйек боп қаласың.
Отыр қане қасыма, 
Тамақтанып аласың
(Қуыршағын алдына алып отырады)

Жүргізуші:
Әйгерімнің осы сәт, 
Анасы үйге кіреді.
Тағат таппай қызының
Қалын сұрап біледі

Анасы:
Әйгерімжан, бүгін сен, 
Тамақ ішіп көрдің бе?
Қызықтап әлде ойынды, 
Кешке дейін жүрдің бе?
Күнде саған ұмытпай, 
Тамағыңды іш деймін.
Тіл алмайсың қырсығып, 
Осы сені не істеймін (отырады)

Жүргізуші:
Анасының артынан, 
Аптығып әже кіреді.
Ол – дағы өз қызының
Қалын сұрап біледі.

Әжесі:
Айналайын, алтыным
Шаршадың ба, жарқыным.
Ішпедің – ау тамақ та, 
Жайын ойлап жалпының.
Қарашығым, қарағым, 
Түсіңкі ғой қабағың.
Сөткемен тұрып жұмыста
Болмай қалды – ау тамағын (отырады)

Жүргізуші:
Аналардың елжіреп, 
Ет бауыры барады.
Әрқайсысы сұқтанып, 
Өз қызына қарады.
Бәрі – үш ана:
Қандай қиын, қараңдаршы, 
Қырсық мінез бала болу.
Бәрінен де оңай емес, 
Білсеңіздер ана болу!

Нұрислам:

Ана дейміз біріміз де аңқылдап, 
Ана дейді жас сәби де жарқылдап, 
Ана деген бәйтерегі өмірдің, 
Ана деген алтын қазық алтын бақ.

Ойын:  «Мейрімді ана»Біздің аналарымыз 

өмірдегі ең мейрімді  жандар Аналарымыз бізді мәпелейді ,бағып, қағып өсіредіңтүнде ұйқысын төрт бөліп

тұрады,жатарда бесік жырын айтып ұйқтады.Қазіргі біздің ойынның шарты балаларымызды ұйқыға жатқызу,бесік жырын айтып,

Мирас:   Біздің қыздар әдемі,
Өздері сондай сүйкімді.
Біз оларды сыйлаймыз,
Шаштарынан жұлмаймыз.

Ойын:  «Ең әдемі қыз

ойынның шарты ұлдарымыз  қыздарға орамал тағады.

С.Мирас:

Достықты біз ойлаймыз,
Бірге күліп ойнаймыз.
Қыздарды да құттықтап,
Мерекесін тойлайық.

(Қыздарға сыйлықтар ұсынады)

 Меирбек:

Аялаған, саялаған,

Бар бақытым, берекем.

Апатайм, құттықтаймын.

Бүгін сенің мерекең.

 Бәрімізге анасың,

Біз үшін күн боп жанасың.

Құтты болсын мейрамың,

Құттықтаймын 

анашым.

Ән: «Аяулы анашым»

Ойын: «Көңілді   шаштараз.»Ойынның шарты:   қыздардың шаштарын жинау,прическаға ат қою.

Өлең айтып беремін,

Нан да алып келемін.

Өйткені мен анамды,

Өте жақсы көремін.

Нұрай:Күнім, жаным» дегенді,

«Құлыншағым» дегенді,

«Қошақаным» дегенді,

«Айналайын» дегенді,

Ойлап тапқан кім екен?

(Балалар бірге: -А-НА-ЛАР)
Мұғалім:Сегізінші наурызда,
Құттықтаймыз ананы.
Теңеп оны  жұлдызға-
Сый тартамыз бағалы!
(Аналарға сыйлықтар ұсынады)

Ата-ана комитетіне сөз беру.Мадақтау.

Мұғалім:

-   Болар күнде алаң,
-    Жанашыр кім саған?
-    Анам.
-    Болсаң егер жаман,
-    Кейитін кім саған?
-    Анам.
-    Таң қалғандай ғалам,
-    Кім ең сұлу адам?
-    Анам.
-    Боташым дер саған,
-    Кім сүйікті адам?
-    Анам.
-    Ана – отбасының тірегі. Барлық ана бейбітшілікті қалайды.

Балаларының бақытты болуын қалайды. Біз аналарды сыйлаймыз, құрметтейміз.

Құрметтейік о,адамдар, аналарды.

Бізді өмірге әкелген даналарды.

Себебі, Ана деген асыл жан ғой.

Ойлауменен істелік әр қадамды. – деген сөздермен бүгінгі

ертеңгілігімізді аяқтайық. Тағы да мерекелеріңіз құтты болсын.

Просмотров: 672


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст