Демала білу де өнер
Қыс мезгілінде жаз айын елестету әрине мүмкін емес, алайда оны біз 15.01.17 жылы жүзеге асырдық.
Айдабул және Зеренді орта мектебінің оқушылары Петропавл қаласы «Нептун» атты
аквасаябағына саяхат жасадық.
Теледидары бар ыңғайлы автобус, көңілді гид, жол патрульді
полицияның және мектебіміздің мұғалімдері, яғни Есімбекова А.С., Боткина А.А. жетекшілігімен алыс көрінген сапарды көңілді өткізді.Балалардың өмір қауіпсіздігі құтқарушылар және медбикемен қамтамасыз етілді.Аквасаябаққа келген сәтте балаларымызды таңғажайып әлем күтіп тұрды. Аквасаябақта
демалуға болатын: Джакузи, балалар және үлкендер бассейні, әртүрлі сауналар, монша, алуан түрлі суреттермен безендірілген түрлі су төбешіктері балалардың қызығушылығын одан сайын арттырды.
Бүлдіршіндеріміздің көңіл-күйлерін жарқыраған көздерінен көруге болды. Демалыстан алған әсерлері сөзжеткізсіз. Қызық сәттерін бір-біріне айтуға асығып, танымайтын балалармен қалай достасқанын да елемей қалды. Осындай демалысты ұйымдастырғаны үшін «Круиз» фирмасына мың алғысымызды білдіреміз және
де болашақта бұл фирмамен ынтымақтастықта боламыз деген ойдамыз.
Балаларға білім беріп қана қоймай осындай демалыстармен де денсаулықтарын нығайта түсу керек деп
ойлаймыз.
Боткина А.А., Есимбекова А.С.