№1 Зеренді орта
білім беру мектебінің
«ӨЗІН-ӨЗІ ТАНУ: СҮЙІСПЕНШІЛІК ПЕН ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ПЕДАГОГИКАСЫ»
атты іс-шара туралы мәлімет
2016-2017 оқу жылының 2-13 ақпан аралығында 1-11 сынып оқушыларының қатысуымен «Өзін-өзі тану» пәнінің «сүйіспеншілік пен шығармашылық педагогикасы»атты тақырыбында онкүндік өткізіліп жатыр.
Онкүндіктің мақсаты: Оқушылардың бойына рухани-адамгершілік қасиеттерді дарыту, пән мұғалімдерінің өзара іс-тәжірибе алмасуына жағдай жасау.
2 ақпан күні 1-11сыныптар арасында онкүндіктің ашылуына орай салтанатты саптүзеу өткізілді.
Саптүзуде өзін-өзі тану мұғалімдері оқушыларды онкүндіктің жоспарымен таныстырды. Саптүзуді Сизухина Ю.В. мен Литвинова О.В. бастауыш сыныптарға саяхат түрінде өткізді. Олар өзін-өзі тану аялдамасына саяхатқа атанды. Бірінші аялдама «Менің жерім» деп аталды. Бұл аялдамада оқушылар Отан туралы, туған жер туралы өлеңдер
оқыды.Екінші аялдама «Мейірімділік» деп аталды. Бұл аялдамада оқушылар «Мейірімділік» деген әнді орындады.
Саяхаттың соңында оқушылар бір-біріне жақсы тілектер тіледі.