Текст
Бүгінгі таңда қоғамның алдында тұрған басты міндеттердің бірі – балалар мен жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтың алдын-алу, кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстың өсуіне жол бермеу.
Кәмелетке толмағандар арасында құқықбұзушылық және қылмыс, нашақорлықтың алдын алу, интернет қауіпсіздігі мен суицид, зорлық-зомбылық, ерте жүктіліктің алдын алу бағытында ақпараттық-танымдық біліммен қамтамасыз ету мақсатында мектебімізде 8-11-сынып қыздар арасында түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Зеренді ауданының орталық ауруханасының дәрігерлерімен кездесу өткізіп, жасөспірімдер сұрақ қойып, тұшымды жауаптар алды.