Қазақтың жақсы қасиеттерінің асылы – мейірімділік, жомарттық, кең пейілділік. Ол адамға қызмет қылып, жақсылық жасауға пейілді жанға тән сипат. Жомарт болу — өзіңде барды зәру адаммен шын жүректен бөлісу.
Елбасы "Болашаққа бағдар:рухани жаңғыру" мақаласында қазіргі жаһандану заманында ұлттық бірегейлікті сақтап қалу, өркениеттің жақсысын алып, жаманынан жирену жөнінде өте құнды пікірлер айтқан болатын. Ендігі міндет – осы айтылғандарды іске асыру жолында аянбай еңбек ету. Ең бастысы – бағыт-бағдарымыз анық, жолымыз жарқын. Ертеңге талпыныс, болашаққа бағдар, игі іске ұмтылыс – адамзатқа тән құбылыс. Ендеше, көп болып, асыл арманына қол созғандарға сүйеніш болып, қолымыздан келген көмегімізді аямайық.
22 қаңтар күні мектебіміздің қабырғасында рухани-адамгершілік тәрбие бағытында «Мейірімділік деп ән саламыз» атты 1-4 сыныптар арасында мектепішілік байқау өтті. Сайыскерлерімізге баға беру үшін аудандық мәдениет үйінің дыбыс режиссері – Ұлатай Бахыт, Жастар ресурстық орталығының маманы Аскарова Ұлпан. Қорытындылай келе Гран при – 3 А сыныбы, 1 орын-2 А сыныбы, 2 орын-1 Ә сыныбы, 3 орынға- 4 Ә сыныбы иеленді.