Мектепте «Бала еңбегін қанауға қарсы 12 күндік күрес» ұлттық ақпараттық науқанына арналған акция өтті. Акцияның ұраны: «Жоқ! - балалар еңбегін пайдалану». Акция 1 маусым - Балаларды қорғау күнінде басталып, 12 маусым - Дүниежүзілік балалар еңбегіне қарсы күнімен аяқталды. Науқанның негізгі мақсаты - қоғамның, оның ішінде ересектердің, балалардың және олардың ата-аналарының назарын балалар еңбегінің ең нашар түрлерінің алдын алуға, сондай-ақ осы саладағы құқықтық ақпаратқа аудару.
12 күн бойы балалар арасында әртүрлі онлайн-акциялар өткізілді: суреттер мен шығармалар байқауы: «Балалар еңбегін пайдалануға Жоқ дейміз!». Балалар белсенділік, шығармашылық қабілеттерін көрсетті және ересектерге қандай әлемде өмір сүргісі келетінін көрсетті. Балалар қауіпсіздік ережелерімен танысты. Бала адамдардың әртүрлі болатынын және тек өзі танитын адамдармен ғана араласуға болатынын білуі тиіс. Қауіпсіздік ережелерін сақтай отырып, сіздің балаңыз қиын жағдайда дұрыс шешім қабылдай алады және қылмыскермен кездесуден аулақ болады.
Жоба аясында бастауыш сынып оқушылары арасында флешмоб өтті. Мектеп мұғалімдері «Жасөспірім» рейдін өткізді: «Қауіпті топтағы» отбасыларға барып. Мектеп психолгтар балалармен тренингтер өткізді.
Осылайша өткізілген барлық іс- шаралар. балалар шығармашылық қабілеттерін белсене көрсетіп, ересектерге қандай әлемде өмір сүргісі келетінін көрсетті.