«АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ   ЗЕРЕНДІ АУДАНЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІ ЗЕРЕНДІ АУЫЛЫНЫҢ  № 1 ЖАЛПЫ ОРТА БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕБІ» КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
КОММУНАЛЬНО ГОСУДАРСТВЕННОЕ УЧРЕЖДЕНИЕ «ОБЩЕОБРАЗОВАТЕЛЬНАЯ ШКОЛА №1 СЕЛА ЗЕРЕНДА ОТДЕЛА ОБРАЗОВАНИЯ ПО ЗЕРЕНДИНСКОМУ РАЙОНУ УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ»

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

ҰБТ

19.06.2020

Смартфонды немесе басқа да тыйым салынған заттарды ҰБТ-ға апару, тест нәтижелерін жарамсыз етеді. Журналистердің сұрақтарына жауап бере отырып, ҚР БҒМ Ұлттық тестілеу орталығының директоры Дидар Смағұлов түлектерге тыйым салынған заттарды алып жүруге ниет білдірген ҰБТ қатысушыларының жауапкершілігі туралы айтты.

Оның айтуынша, егер тестіленуші өзімен бірге смартфон, шпаргалка және т.б. түрінде тыйым салынған затты алып өтуге тырысса, онда ол емтиханға кірмейді. ҰБТ-ға қатысушы тестілеуге жіберілмейді, оның нәтижесі жойылады және биылғы жылы ол тест тапсыра алмайды.

«Әрбір қатысушы ҰБТ өткізу ережелерімен алдын ала таныстырылады. Тестке қатысушы өзін жақсы сезінетіні жайлы, тестілеу ережелерімен таныс және тыйым салынған заттардың жоқтығы туралы құжатқа қол қояды», - деді Д.Смағұлов.

Сондай-ақ, спикердің айтуынша, Ұлттық тестілеу орталығы биылғы жылдың 25 тамызына дейін тестілеуді өткізудің бейнежазбаларын қайта тексеруге ниетті. Егер бейнематериалдарды талдау барысында тыйым салынған заттарды пайдалану немесе тестілеу ережелерін өзге де бұзу фактілері анықталса, онда бұл да нәтижелердің күшін жояды. Егер сол кезде тыйым салынған заттарды пайдаланғаны байқалса, тестке дейін түлекке білім беру гранты берілсе, онда ол автоматты түрде одан айырылады.

Ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысушылардың ата-аналарына ҰБТ тапсыру пункттеріне баруға тыйым салынады.
ҚР БҒМ Ұлттық тестілеу орталығының директоры Дидар Смағұлов ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен онлайн-баспасөз конференциясында ҰБТ-ға қатысушылардың ата-аналарын тестілеу күні үйде қалуға және онлайн-трансляция арқылы тестілеудің өткізілуін бақылауға шақырды.

«Коронавирустық инфекцияны жаппай жұқтыру қаупіне байланысты біз ҰБТ өткізу пункттеріне ата-аналардың баруына тыйым салуға мәжбүр болдық. Бір орынға топтасудың қазіргі жағдайда қауіпті екенін ескере отырып, ауру жұқтырудың мүмкіншілігі жоғары екенін ұмытпайық. Ал біз өз тарапымыздан балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етеміз», - деп атап өтті

ҰБТ-ға қандай санитарлық талаптар енгізілді?
Карантиндегі тестілеу қалай өтеді?

Коронавирус пандемиясына байланысты дәстүрлі Ұлттық бірыңғай тестілеу (ҰБТ) биыл жылдағыдан ерекше өтеді. Мәселен, жылда бір аудиторияда 50 оқушы отырса, биыл 25 оқушы ғана кіргізіледі. Осы және өзге де ҰБТ тәртібі жайлы ҚР БҒМ Ұлттық тестілеу орталығының директоры Дидар СМАҒҰЛОВ  айтты деп хабарлайды Malim.kz.

Биылғы ҰБТ 20 маусым мен 5 шілде аралығында өтеді. Оның жаңашылдықтары мен әлемдік пандемия жағдайындағы тестілеуді өткізу барысындағы медициналық, санитарлық нормалар қандай?

Әдетте оқушының ҰБТ тапсыруы – ата-анасы мен туыстары үшін ерекше жағдай, сол себепті, оны қолпаштаушылар, сыртта күтіп тұрушылар көп болады.

«Биыл оқушылар ҰБТ тапсырғанда ата-аналар келе алмайтыны бұған дейін де айтылды. Мен оларды түсінісік танытуға шақырамын, бұл осы уақыттағы мәжбүрлі шаралардың бірі. Бірақ, ҰБТ-ның қалай өткенін онлайн көре алады. ҰБТ өтетін орынның айналасын түгелдей тәртіп сақшылары қоршайтын болады», – деді Смағұлов.

Ең алдымен айта кетерлігі, бақылау мен тәртіп тек санитарлық нормаларға қатысты ғана болмайды. Бұған дейін тест тапсырушылар айналып өтіп келген жағдайлар енді қайталанбайды деп отыр. Мәселен, аудиторияға тыйым салынған заттарды алып кіру жыл басында 60 пайыз болса, маусымда 12 есеге қысқарып, 5 пайызға түсіпті. Соған қарап, ҰБТ орталығының басшысы оқушыларға тәртіп сақтау керек екенін түсіндіре алдық деп отыр. Биылғы ерекше тәртіптің бірі – аудиторияға кіріп келе жатқанда қалтасынан, қойны-қоншынан телефон, шпаргалка, құлақаспап сияқты заттар табылған балалар ары қарай тест тапсыруға жіберілмейді және бір жыл бойы ешқандай оқуға тапсыра алмайды.

«Әр аудиторияда бейнебақылау орнатылады және барлық жазбаларға 25 тамызға дейін талдау жүргізіледі. ҰБТ өткізу қағидаларының бұзылуы анықталған жағдайда (көшіру, қағаз жазбалар қолдану және т.б.), тестілеу нәтижелері жойылады, сонымен қатар, білім беру грантын тағайындау конкурсының нәтижелері де жойылуы мүмкін. (…)Бақылау тек тестіленушілерге ғана емес, сонымен қатар бақылаушыларға да жүргізіледі», – дейді Смағұлов.

Сондай-ақ, білім беру гранттары оқыту тіліне, яғни, қазақ және орыс тілі деп бөлінбей, ортақ тағайындалады. Қоғам белсенділерінен және сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет өкілдерінен тұратын мониторингтік топ жұмыс істейді.

Есептеуіш әкелуге болмайды, бірақ пайдалануға болады. ҰБТ тапсырушы оқушылардың орындарына бір-бірден орнатылады. Ата-аналардың өтініші бойынша ҰБТ тапсыру уақыты 10 минутқа ұзартылыпты. Енді оқушылар аудиторияда 4 сағат бойы отырады. Тағы бір айта кетерлігі, биылғы тестілеу сұрақтарында 4 тоқсан сұрақтары болмайды. Смағұловтың айтуынша, бұл коронавирус кезінде қашықтан оқытудың сапасыз жүргізілді дегенді білдірмейді, 4 тоқсанда негізінен бұрынғы өткен сабақтарды қайталайды.

Қорытынды шыққан соң жүргізілетін бейнежазба талдауында тест тапсыру сәтінде байқалмай қалған заң бұзушылықтар анықталса, түлек грантынан айрылады немесе нәтижесі жойылады.

Бұл өзгерістер басқа емес, коронавирусқа қатысты енгізілгенін ескерсек, биылғы ҰБТ-ның басты талабы – санитарлық нормалардың сақталуы.

Ретімен айтсақ, ҰБТ тапсырушы бала үйінен мед.маска тағып келеді, бірақ, аудиторияға кірерде оларға арнайы маска беріледі. Мұның да өзіндік себебі бар, оқышуының маскасы сапасыз болуы және ескірген болуы мүмкін. Осыған орай, олар ішке кіргізілген сәттен бастап, қайта шығып кеткенше әр екі сағат сайын маскаларын ауыстырып отырады.

Оқушылар қорғаныш киімін немесе мед.қолғап кимейді. Өйткені, аудитория оқушылар кіргенге дейін залалсыздандырылады және аудитория мен ғимаратқа қолды залалсыздандырып отыратын антисептик сұйықтықтары орнатылады. Одан бөлек, оқушылардың ара қашықтығы 2 метр болуы қатаң қадағаланбақ.

Тест тапсырушылар ҰБТ тапсыруға өтінішті онлай бергенін айта кету керек. Бірақ, олардың қайда және қай күні тест тапсыратыны әлі хабарланбаған. Орталық директоры қазір бұл мәселенің қарастырылып жатқанын, тестілеу уақыты жақындағанда ескертілетінін, сондай-ақ, білгісі келгендер орталықтың әлеуметтік желілердегі парақшаларынан біле алады немесе Instagram арқылы Смағұловтың жекесіне хат жазыпсұраса болады.

Биыл ҰБТ тапсыруға түскен өтініштер рекордтық деңгейге жетіпті – 131 755. Қазақ тілінде – 98 169 (74,5%), орыс тілінде – 33 368 (25,3%), ағылшын тілінде – 218 (0,2%). Тестілеу республика бойынша 161 пунктте өтеді. 

Просмотров: 368


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст