«АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ   ЗЕРЕНДІ АУДАНЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІ ЗЕРЕНДІ АУЫЛЫНЫҢ  № 1 ЖАЛПЫ ОРТА БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕБІ» КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
КОММУНАЛЬНО ГОСУДАРСТВЕННОЕ УЧРЕЖДЕНИЕ «ОБЩЕОБРАЗОВАТЕЛЬНАЯ ШКОЛА №1 СЕЛА ЗЕРЕНДА ОТДЕЛА ОБРАЗОВАНИЯ ПО ЗЕРЕНДИНСКОМУ РАЙОНУ УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ»

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Қоршаған ортаның ластануы және салдары. Ғаламдық мәселелер»

27.10.2020

Қазан айының 21 жұлдызында  7-8 сыныптарға арналған «Қоршаған ортаның ластануы және салдары. Ғаламдық мәселелер» атты тақырыпта online  форматта экологиялық кеш өтті.

Экологиялық кештің мақсаты: Оқушылардың қоршаған ортаның ластануы мен қоғамның экологиялық мәселесі туралы білімдерін бекіту, тереңдету. Экологиялық мәселелер мен қоршаған ортаның ластану сұрақтарын шешу бойынша оқушылардың адамгершілік, азаматтық ұстанымы мен экологиялық мәдениетін қалыптастыру.   

Экологиялық кешті өткізу барысында биология пәнінің мұғалімдері табиғат туралы қанатты сөздер, слайдтар, түрлі суреттер, мақал мәтелдер, жұмбақтар қолданды.  Оқушыларға Зеренді ауданының экологиялық жағдайы туралы сұрақтар қойылып,  талдау-талқылау жұмыстары жүргізілді. Қызықты викториналар орын алып, табиғаттың ластануы туралы негізгі мәселелер  түсіндірілді. Соңына қарай, табиғатты сақтау шаралары туралы сөз қозғалып, қоршаған ортаны аялаудың алтын ережелері шығарылды.

Просмотров: 309


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст