Мақсаты:
“Сыбайлас-жемқорлық” деген ұғымды түсіндіріп, пайда болу жағдайлары жайлы түсінік қалыптастыру.
Өз көзқарастарын білдіріп, дүниетанымдарын кеңейту. Өз ойларын еркін жеткізе білу қабілеттерін дамыту
Өз мемлекетіне жауапкершілікпен қарау және әділдікке тәрбиелеу. Патриоттық тәрбие қалыптасады
Көрнекілігі: слайдтар, видеоролик.
Өткізудің технологиясы мен әдістер: Пікірталас, сұрақ-жауап, видеоролик, викторина.
«Адал Ұрпақ» ерікті мектеп клубтарының негізгі міндеттері мектепте сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарасты нығайту бойынша бастамаларды көтермелеу, сыбайлас жемқорлыққа қарсы сипаттағы іс-шараларды ұйымдастыру болып табылады.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бойынша «Адал Ұрпақ» ерікті мектеп клубының жұмыс жоспарына сәйкес №1 Зеренді орта мектебінде 26 қазанда «Біз жемқорлыққа қарсымыз!» атты тақырыпта 10 «А» сыныбынын қатысуымен пікір-талас өтілді.. Пікір-талас барысында құқықтық тәрбиелеуде және құқық бұзушылықтарға, оның ішінде сыбайлас жемқорлыққа төзбеу мәдениетін қалыптастыруда отбасының рөлі көрсетілді.
10 «А» сынып оқушыларының қатысуымен өткен пікір-талас мектепте аса өнегелі, жауапты бастамашыл және әлеуметтік құзырлы азаматты немесе Патриотты қалыптастыру үшін жағдайлар жасау, заң аясында түсіндіру жұмыстарын жүргізу мақсатын көздеді. Пікір-талас барысында ел тарихына шолу жасалып, мемлекеттік қызмет пен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс- қимылдар жайында бейнеролик көрсетілді.
Еліміздің алдынғы дамыған елдер қатарына енуіне, мемлекетімізді өркендетуде болашақ ұрпаққа білім мен тәрбие бере отыра, оқушылардың биік жетістерге жететіндеріне сенім білдіреміз.