«АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ   ЗЕРЕНДІ АУДАНЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІ ЗЕРЕНДІ АУЫЛЫНЫҢ  № 1 ЖАЛПЫ ОРТА БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕБІ» КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
КОММУНАЛЬНО ГОСУДАРСТВЕННОЕ УЧРЕЖДЕНИЕ «ОБЩЕОБРАЗОВАТЕЛЬНАЯ ШКОЛА №1 СЕЛА ЗЕРЕНДА ОТДЕЛА ОБРАЗОВАНИЯ ПО ЗЕРЕНДИНСКОМУ РАЙОНУ УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ»

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Менің Тұңғыш Президентім!» атты байқаудың сәтті нәтижелері

02.12.2020

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне орай «Менің Тұңғыш Президентім!» атты Ақмола облысының жалпы білім беретін мектеп оқушылары арасындағы байқауға біздің мектептің оқушылары да қатысты. Байқаудың негізгі мақсаттары болып ҚР Тұңғыш Президентінің бейнесін тәуелсіз елдің негізін қалаушы ретінде дәріптеу мен Тұңғыш Президенттің қазақстандық қоғамды жаңғыртуда жүргізген жеке еңбектерін мектеп оқушыларына таныту. Байқауға қатысушылар шығармашылық жазба жұмысын жазып, бойларындағы патриотизм мен рухани-адамгершілік құндылықтарын дамыта түсті. Оған қоса, өздерінің шығармашылық қабілеттерін де көрсетуге мүмкіндік алды.

Байқаудың мектепішілік кезеңіне 10-11 сынып оқушылары қатысты. Шығармашылық жұмыстардың ішінен үздік болып танылған оқушылардың жұмыстары облыстық деңгейдегі байқауға жіберілді.  Үздік шығармашылық жұмыстардың авторлары болып Кайдарова Лаура, Магзумова Исмигуль, Битенова Ильмира, Сейтмагамбетов Санжар, Горбунов Николай, Сағындық Диас, Кошаев Нариман, Ергожина Назгүл, Айтпаева Дильназ, Жұмабек Айбын, Төлеубай Данияр анықталды.

Просмотров: 273


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст