Байқаудың негізгі мақсаты- дарынды білім алушыларды қолдау ,жағдай жасау, олардың шығармашылық қабілеттерін және адамгершілік-рухани қасиеттерін дамыту. Сондай-ақ, жалпыадамзаттық құндылықтар призмасы арқылы оқу пәндерін және қосымша білім беру пәндерін оқуға қызығушылықты қалыптастыру.
Аталмыш байқауға мектебімізден әндер байқауына «Нұр беретін Музыка» номинациясы бойынша 8 «Ә» сынып оқушысы Курмангожина Дильназ бен 5 «А» сынып оқушысы Бейсембай Нұрболат қатысты.
Курмангожина Дильназ –жүлделі 1-ші орын иегері болса, Бейсембай Нұрболат -2 –ші орын лауреаты атанды. Жетекші мұғалімдері-Курманғожин Қ.Ш.
Сурет салу байқауына рухани-адамгершілік номинациясы бойынша 9 «А» сынып оқушысы Қайдар Нұрислам қатысып, 3-ші орынға ие болды. Жетекші мұғалімі: Тулегенов А.К.
Құттықтаймыз!