Текст
02.02.2026
2026 жылғы 2 ақпанда мектебіміздің түлегі — «Бурабай» колледжінде білім алып жатқан Караул Каринамен 9-сынып оқушыларына арналған кәсіби бағдар беру кездесуі өтті. Кездесу барысында Карина колледжге түсу және оқу үдерісі жөніндегі жеке тәжірибесімен бөлісіп, колледж мамандықтарының ерекшеліктері туралы айтып берді, сондай-ақ оқушылардың сұрақтарына жауап берді. Мұндай кездесулер оқушылардың мамандықты саналы түрде таңдауына ықпал етеді.


