13 ақпан күні “Ер есімі ел есінде” ұранымен өткен интернационалист жауынгерімен кездесу өтті. Кездесудің мақсаты: Ауған соғысына байланысты оқиғаларға құрметпен қарау арқылы патриотизмге тәрбиелеу. Кездесуге Ауған соғысына қатысқан жауынгер Мукашев С. К. және ардагер ұстаз Коротун А. И. сонымен қатар, нағыз батырлар мен патриоттар да келді. Кездесуде Ауған соғысы туралы әсерлі өлеңдер айтылып, патриоттық әндер орындалды.
Біздің қонақтарымыз үшін АӘД пәнінің мұғалімі Абдрахманов Д. С. жоғары сынып оқушылары арасында пневматикалық мылтықтан сайыс өткізді. Іс-шара қорытындысы бойынша қатысушылар грамоталармен марапатталды.
Зеренді ауданының мемлекеттік мұрағатының басшысы көрмені безендіруге көмегін үшін Т.Е. Сейфулинге алғысымызды білдіреміз